Жаңалықтар
«Білім жүйесінің ғаламшарлары» атты онкүндікте даярлық сыныпта сауат ашу негіздерінен «Сөйлемдегі сөздер орнын, санын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өтті. […]
«Білім жүйесінің ғаламшарлары» атты онкүндікте 2- сыныпта қазақ тілі пәнінен «Жалпы есім мен жалқы есім» тақырыбында ашық сабақ өтті. Педагог-М.А.Джусупова.
1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектеп парламенті» Алтын жүрек» республикалық челленджіне қатысты. Шара барысында дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне және өрт сөндірушілерге ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, тәттілер үлестірді.
«Білім жүйесінің ғаламшарлары» атты онкүндікте 1- сыныпта ана-тілі пәнінен «Оқығанның көзі ашық» атты ашық сабақ өтті. Педагог-Л.П.Ибрагимова.
«Білім жүйесінің ғаламшарлары» атты онкүндікте 4- сыныпта жаратылыстану пәнінен «Металдар қандай болады?» атты ашық сабақ өтті. Педагог-Х.Жетписбай.
Мектепішілік жоспарға сәйкес бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі «Білім жүйесінің ғаламшарлары» атты онкүндікті бастады.
Астана қаласында өткен “Star Time” республикалық өнер конкурсына мектебіміздің 10-сынып оқушылары Жұмабек Дана мен Өмірбек Көркем қатысып І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ жеңімпазы атанды. Дана мен Көркем “Шабыт” балалар өнер мектебінің би үйірмесінің қатысушылары, жетекшілері мектебіміздің түлегі Садбекова Мадина. Жеңістерің құтты болсын, ҚЫЗДАР!
«Балдәурен» РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан балалар сауықтыру орнына 6-сынып оқушысы Айтмұрат Лаула, 9-сынып оқушысы Султанова Данара демалып қайтты.
Әскери ұрыс қимылдарының ардагері Жұмабеков Амангелдіні еске алуға арналған ДЗЮДО күресінен ашық турнирде 5-сынып оқушысы Қанапия Ералы І орын, 7-сынып оқушысы Амангелді Әбдурахман І орын, 9-сынып оқушысы Сағындай Диас І орын, 9-сынып оқушысы Хамитов Кантемир ІІ орынға ие болды. ЖЕҢІСТЕРІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Тоғызқұмалақтан классика ойыннан Павлодар облысының чемпионатына 6-сынып оқушысы Рахметова Наргиз 6-сынып оқушысы Мұхаметқали Меруерт 6-сынып оқушысы Тлеуғабыл Айару 7-сынып оқушысы Кусаинова Дина қатысып келді.