Мектебімізде 15 қарашадан — 25 қараша аралығында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі басталды.
Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.
Жоспары бойынша:
1) «Балалық шақты бірге қорғайық»
2) «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» — көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулер ұйымдастыру;
3) «Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!» 1-4 сынып оқушылары арасында бақытты балалық шақ бейнеленген сурет байқауы;
4) «Бала құқығы – асыл қазына» — 5-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы;
5) «Түнгі қаладағы балалар» — ата-аналармен бірлескен республикалық акция;
6) «Балалар игілігі үшін» — білім алушылар арасында қолөнер бұйымдары мен тағамдар жәрмеңкесін өткізе отырып, қайырымдылық акциясын ұйымдастыру;
7) «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз!» оқушылары арасында этно-ұлттық сайысы;
8) «Мен бақытты баламын!» 1-4 сынып оқушылары арасында отбасылық спорт жарысы және 0,1-4 сынып оқушылары арасында бейнероликтер;
9) «Мен және менің құқығым» атты оқушылары арасында дебат сайысы;
10) «Менің құқықтарым» атты оқушылар арасында викториналық сайысы.