Жаңалықтар
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды. Ағылшын тілі пәнінен 4 оқушы қатысты.
Оқушылар арасында мектепішілік пән олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Мектепішілік олимпиадаға 2-11 сынып оқушылары қатысты. Мектепішілік олимпиаданың жүлдегерлері дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды.
Мектебімізде 15 қарашадан — 25 қараша аралығында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі басталды. Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру. Жоспары бойынша: 1) «Балалық шақты бірге […]
Құрметті балалар, достар, ата — аналар! Сіздерді бүгінгі 20-қараша дүниежүзілік балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Даналық мектебі: «Мен анамның қолғанаты» «Family day» отбасылық тәрбие негізінде ата-аналармен бірлесіп тағам дайындау облыстық жобасы аясында өскелең ұрпақтың салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру – өз денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтиятты қарайтын, дені сау ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану дәстүрін насихаттау жобасына қатысушы 6-сынып оқушысы Ұят Айару, демалыс күндерін […]
«Салауатты-денсаулық кепілі» атты кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және темекі шегудің алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша 11-сынып оқушылары «Нашақорлыққа жол -Жоқ!» тақырыбымен флэшмоб ұсынды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-4 сыныптың ата-аналары үшін «Ата-ананың өмірдегі жобасы-бақытты адам» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.
Оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау мақсатында бүгін 0,1-11 сыныптарда «Ұлттық валюта-төл теңге», «Ұлттық теңге мәртебесі», «Теңге-Қазақстанның үміті мен өмірінің символы» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатына Железин аудандық «Халық банк» қызметкері С.С.Мамилина қатысып, теңге айналымы мен теңге санау апараттары туралы қызықты мәліметтер айтып берді.