Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

4 мамыр күні Павлодар облысында «ERТIS PROMENAD» орталық жағалауында «Халық Қаһарманы» атағының иегерлері Сағадат Нұрмағамбетовтың және Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық «Сап түзеу және ән» байқауы өткізілді.
Шараға мектебіміздің 10-сынып оқушылары мен АБӘД мұғалімі У.Б.Тастанбеков қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша келесі командалар жеңімпаз атанды. Аудандар арасында Железин ауданынан барған команда ІІІ орынға ие болды.
Команда жетекшісі Умирбек Баймуратұлы мен 10-сынып оқушыларын құттықтаймыз!