ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің

«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области

Железин , ул.Ауэзова, ст-е 8
8 (71831)
zhelezin_sh3@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің

«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
4
декабря
2025

Психологиялық қызмет орталығының мақсаттары мен міндеттері

Психологиялық қызметтiң мақсаты

Орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:

- бiлiм алушылардың тұлғалық және зияткерлiк дамуына ықпал ету, өзiн-өзi тәрбиелеу және өзiн-өзi дамыту қабiлетiн қалыптастыру;

- бiлiм алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуiне психологиялық жәрдем көрсету;

- тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде әрбiр бiлiм алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;

- психологиялық диагностиканы жүргiзу және бiлiм алушылардың шығармашылық әлеуетiн дамыту;

- психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

- психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

- бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.

                                              Жоспарды  құру  барысында  мына  тізімдегі  нормативтік  құжаттар  ескерілді:

  • ҚР Конституциясы
  • ҚР бала құқығы туралы заңы
  • ҚР «Білім туралы» заңы
  • ҚР білімінің даму концепциясы
  • ҚР «Неке және отбасы» заңы
  • Психологтың әдеп кодексі
  • Психологтың лауазымдық нұсқаулығы
  • ҚР Білім және ғылым  министрінің  2011ж. «20» желтоқсан №528 бұйрығы  (Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің        жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы)
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы (Орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы)
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы (Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы )
  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы (Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы
  • Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы

  • Ы. Алтысарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2025-2026 оқу жылындағы ерекшеліктер туралы әдістемелік нұсқау хат

Психодиагностика. Оқыту мен  тәрбиелеудегі себептерді, проблемаларды анықтау   мақсатында  тұлғаның  қасиеттерін  психологиялық - педагогикалық зерттеу.

Психопрофилактика.  Қоғамдық қауіпті құбылыстар мен ауытқушылықтардың алдын алу шараларын жоспарлау, білім алушылардың  әлеуметтік – психологиялық  жат қылықтарының алдын алу.

Психологиялық кеңес беруБілім беру мен оқытуды  дамытуға өтініш білдірген  ересектер мен балаларға жағдайды шешуге көмек көрсету.

Психологиялық түзету. Жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісіне қиындықтар, мәселелер, белсенді әсер етушілермен жұмыс.  Психикалық және тұлғалық  дамуындағы  ауытқуды болдырмау.

Психологиялық ағарту.  Психологиялық мәдениетті көтеру, психологиялық қызметке сұранысты қалыптастыру және проблемаларды шешу жолдары  туралы ақпарат беру.

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы).

      Білім алушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен (балалармен) психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің жазбаша келісімімен өткізіледі.

Мақсаты: балалардың оқудағы, дамудағы, мінез-құлықтағы қиындықтарын уақытында анықтап, оларға психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсетуді көздейді.

  1. Негізгі мазмұны:

ППҚҚ – білім алушылардың, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқуы мен дамуына жағдай жасайтын жүйелі қолдау қызметі.

ППҚҚ құрамына: директордың орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер, кәсіби бағдар берушілер кіреді.

  1. Негізгі қағидалары

- кәсіби әдепті сақтау;

- білім алушылардың жеке басына эмпатия және құрмет көрсету;

- білім алушының жеке, жас ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктері;

- білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, ақпараттың құпиялылығы;

- білім алушыларды білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылымилығы, кешенділігі, бірізділігі, кезеңділігі және үздіксіздігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.

  1. Негізгі бағыттары мен мазмұны
  2. Диагностикалық жұмыс
  • 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау.
  • 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін зерттеу.
  • 9, 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар диагностикасы.
  • Қиындықтары бар оқушыларды (мінез-құлық, эмоциялық, үлгерім) анықтау.
  • Сынып ұжымдарының әлеуметтік-психологиялық климатына зерттеу жүргізу.
  1. Консультативтік жұмыс
  • Оқушыларға жеке және топтық консультациялар.
  • Ата-аналарға баланың даму ерекшеліктері туралы кеңес.
  • Мұғалімдерге оқушылармен жұмыс істеу стратегиясы бойынша кеңес.
  1. 3. Дамыту (түзету) жұмысы
  • Эмоциялық тұрақтылықты дамытуға арналған тренингтер.
  • Қарым-қатынас мәдениетін дамытуға арналған жаттығулар.
  • Өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға арналған сабақтар.
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке түзету сабақтары.
  1. 4. Психологиялық-педагогикалық ағарту жұмысы
  • Ата-аналар жиналыстарында баяндама, тренинг өткізу.
  • Педагогикалық кеңестерде психологиялық-педагогикалық қолдау тақырыптары бойынша сөз сөйлеу.
  • Психологиялық мәдениетті арттыруға арналған сынып сағаттары.
  • Суицидтің алдын алу шаралары.
  • Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.
  • Зорлық-зомбылық пен жыныстық тиіспеушілік, жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы бойынша әңгімелер.
  1. 5. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс
  • Психолог кабинетін оқу-әдістемелік құралдармен толықтыру.
  • Мониторинг жүргізу (оқушылардың даму динамикасы).
  • ПМПК, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілермен бірлескен жоспарлы жұмыс.
  1. Қолдау кімдерге көрсетіледі?

Мінез-құлық, эмоциялық қиындықтары бар (суицидке бейім) балаларға,

Әлеуметтік-психологиялық, мәдени кедергілері бар (бейімдеуі қиын) балаларға,

ЕББҚ бар балаларға.

  1. Жүзеге асыру тәсілдері

Жеке, топтық, кіші топтық сабақтар (Мектеп жасындағы кіші топтық және топтық сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. Ал балаларға жеке сабақтардың ұзақтығы 30 минутты құрайды).

Жеке оқу жоспарлары мен бағдарламалары.

Бағалау тәсілдерін бейімдеу.

Арнайы оқулықтар, оқу материалдары, бейімделген орта (пандус, тактильді жолдар, дыбыс күшейткіш құралдар, т.б.).

Білім алушыларға, оның ішінде осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (балаларға) арналған жеке, кіші топтық және топтық сабақтар ППҚҚ мамандары әзірлеген жеке-дамыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

  1. Екі кезеңдік жұмыс
  2. Қызметті ұйымдастыру - мектеп директоры бұйрық шығарып, құрамды бекітеді, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара іс-әрекеті жолға қойылады.
  3. Қолдау процесі - жеке жоспарлар мен бағдарламалар әзірленіп, іске асырылады; педагогтер мен мамандар жүйелі түрде жұмыс істейді.
  4. Жүктемелер

Кіші топтық (2-4 бала), топтық (6-8 бала). Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін аптадағы жеке, кіші топтық, топтық сабақтардың саны олардың жеке білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып белгіленеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке, кіші топтық және топтық сабақтар "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес түзету компоненті шеңберінде арнайы педагогтер әзірлеген түзету-дамыту бағдарламалары негізінде жүргізіледі.

  1. Қолдау формалары

Қосымша сабақтар, факультативтер, үйірмелер.

Әлеуметтік көмек және кәсіби бағдар беру.

Ата-аналармен жүйелі жұмыс.

Арнайы жабдықталған кабинеттерде жеке және топтық сабақтар.

Тамыз

Психологиялық қызметтің жұмысын жоспарлау

Қызметі

Мақсаты

Жауаптылар

Аяқтау нысаны

1

Психологиялық қызметтің жылдық жұмыс  жоспарын бекіту

 Білім беру процесіне қатысушыларды кешенді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру

Психологиялыққызметтің құрамы

Оқу жылына бекітілген жоспар

2

Білім беру ұйымының психологиялық қызметінің құрамы туралы бұйрықты бекіту

Нормативтік-құқықтық базаны құру

Хатшы

 Білім беру ұйымының психологиялық қызметінің құрамы туралы бұйрық

3

Мобильді топтың құрамы туралы бұйрықты бекіту

Нормативтік-құқықтық базаны құру

Хатшы

Мобильді топтың құрамы туралы бұйрық

4

«Сенім жәшігі» және жәшікті ашатын құрамды бекіту туралы бұйрықты бекіту.

Нормативтік-құқықтық базаны құру

ДТІЖО

«Сенім жәшігі» және жәшікті ашатын құрамды бекіту туралы бұйрық.

 

 

 

 

№ р/с

Іс-шаралар

Жұмыстың бағыттары

Нысаналы топ

Орындау

 мерзімі

Орындалу нысаны

Жауаптылар

Орындалу туралы белгі

І.Диагностика

1

1- сынып оқушыларының мектепке бейімделуін зерттеу

«Жануарлар мектебі» әдістемесі (С.А.Панченко)

2. «Төртіншісі артық» әдістемесі (С.Я.Рубинштейннің сурет нұсқасы)

3. «Сатылы баспалдақ» әдістемесі (Т.В.Дембо және С.Я.Рубинштейн)

диагностика

1 -сынып

қыркүйек

қазан

наурыз

Тест, сауалнама

педагог-психолог

МІБ   ПК

анықтама

2

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін зерттеу

1.Оқу мотивациясының бағытын диагностикалау әдістемесі Т. Д. Дубовская.

2. Г.Н.Казанцеваның оқу пәндеріне қатынасын зерттеу әдістемесі

 3.«Ата-анаға  ашық хат» әдістемесі.

диагностика

5- сынып

қыркүйек

қаңтар

Сауалнама, бақылау

педагог-психолог

МІБ   ПК

анықтама

3

Мектептегі қауіпсіздік деңгейін анықтауда жылдық қорытынды сауалнама.

диагностика

5-8 сынып

мамыр

Тест, әңгімелесу

педагог-психолог

анықтама

4

10-сынып оқушыларының бейімделуін зерттеу

А.Д.Андрееваның оқуға эмоционалдық қарым-қатынас пен оқу

мотивациясын диагностикалау әдістемесі  «Әлеуметтік мазасыздық деңгейі» сауалнамасы   (Ла-Фрейни, А.М.Прихожанның бейімдеуі)

диагностика

10-сынып

қазан

Сауалнама

педагог-психолог

анықтама

5

Мектепке алғаш келген балаларды (инклюзив) зерттеу

ЕББҚ бар балалар

Танымдық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері:

1. «Не артық»

2. «Шатасқан сызықтар»

3. «Ұқсасын тап»

диагностика

ЕББҚ бар балалар

қазан

қараша

ақпан

Сауалнама, әңгіме

педагог-психолог

анықтама

6

Оқушылардың психоэмоциялық күйін анықтау

1.«Үй-Ағаш-Адам» әдістемесі (Джон Бук) 2. Г.Ш.Габдрееваның эмоционалдық қысымды зерттеу әдістемесі

3. Спилбергер – Ханиннің мазасыздану шкаласы

диагностика

ЖАҚО

(Цифрлық база)

2-3-4-сынып

5-8 сынып

10-11  сынып

қазан

қараша

желтоқсан

Тест, сауалнама

педагог-психолог

анықтама

7

Қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде

11-сынып оқушыларына психологиялық қолдау

диагностика

11- сынып

қараша

қаңтар

Тренинг, кеңес

педагог-психолог

анықтама

8

Оқушылардың сыныпішілік қарым-қатынастарын зерттеу

Дж.Мореноның социометриясы

диагностика

5-11 сынып

қазан

ақпан

Социометрия

педагог-психолог

анықтама

9

4 -сынып білім алушыларының оқу мотивациясын анықтау

диагностика

4 -сынып

4-сынып

қаңтар

қаңтар

Тест, сауалнама

педагог-психолог

анықтама

10

2-3 сынып оқушыларының интелектуалды даму диагностикасы

«10 сөзді есте сақтау» А.Р Лурия

«Баспалдақ»

«Өзін-өзі бағалау»  «Жанұя» цифрлық база

диагностика

2-3 сынып

5-7

қараша

желтоқсан

Тест, сауалнама

педагог-психолог

анықтама

11

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау

диагностика

ата-аналар

1-10 сынып

Желтоқсан

Тест, сауалнама

мектеп психологы

анықтама

12

Аутодеструктивті  мінез-құлықтың алдын алу.

Тест. «Ресурс»

Тест. «Буллинг» Л.Г Федеренко

А. Басс А. Дарки «Агрессия»

 «Сигнал» А.Бек

 «Мектеп пен отбасындағы буллингті және зорлық зомбылықты анықтау»

Диагностика

5-11 сынып

Мерзімінде

Жанұя https://www.pfzhkz/index_kz.html

Психолог

МІБ ДЖК

Анықтама

13

Оқушылардың кәсіби бағдарын зерттеу және қолдау

1.Ойлау типін анықтау әдістемесі (Г.В.Резапкина модификациясы)

2. Дж.Голланд тесті (кәсіби тұлға типін анықтау)

3. Йовайши әдістемесі: оқушылардың кәсіби бейімділік сферасын анықтау (Г.В.Резапкина модификациясы)

Кәсіптік бағдар

9–11 сынып

Жыл бойы

Тест, тренинг

Психолог

14

Ата-ана мен баланың қарым-қатынасын анықтау.  Ата-аналарға арналған сауалнама

Әлеумет.

психологиялық диагностика

Жалпы ата-аналар

Әр тоқсан сайын

Тест, сауалнама

Психолог

Хаттама

15

« Педагогтағы агрессияны бағалау» А.Ассингер тесті

диагностика

Педагогтермен

желтоқсан

Тест, сауалнама

Психолог

Хаттама

                                                                                   ІІ. Түзету-дамыту жұмысы

1.

1-сынып оқушыларының  бейімделуіне бағытталған түзету-дамыту сабақтары

тренинг элементтері бар жаттығулар.

1- сынып

қазан

қараша

Сабақ жоспары

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

2.

5-сынып оқушыларының  бейімделуіне бағытталған түзету-дамыту сабақтары

1. «Мен және  менің  сыныбым»

түзету-дамыту

5- сынып

қазан

сабақ жоспары

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

3.

Сыныпішілік  қарым-қатынасты арттыруға арналған түзету-дамыту сабақтары

(сынып сағаттарында)

Достық пен құрмет» тренинг-жаттығуы

«Достық пен сыйластық»

 тренинг-жаттығуы

«Қарым-қатынастағы әдеп»

«Бірге ойнаймыз, бірге күлеміз» ойын-тренинг

«Жанжалсыз қарым-қатынас» тренинг-жаттығуы

«Мен – сенің досыңмын»

 тренинг-жаттығуы

«Эмпатия және қолдау» тренинг-жаттығу

Жағымды қарым-қатынас»

тренинг-жаттығуы

түзету-дамыту

1-4 сынып

3-4 сынып

8-9 сынып

2-4 сынып

10-11 сынып

5-6 сынып

7-8 сынып

7-8 сынып

қазан

қараша

қараша

желтоқсан

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

тренинг элементтері бар жаттығулар

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

4

Мұғалімдерді психологиялық қолдау

Мұғалімдерге арналған релаксациялық тренинг-жаттығу

2.Мұғалімнің эмоционалды саулығы: күйзелісті жеңудің жолдары»

тренинг-жаттығу

түзету-дамыту

педагогтар

қаңтар

наурыз

тренинг элементтері бар жаттығулар

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

5

Дарынды оқушылармен жұмыс (мотивация, өзін-өзі дамыту)

1. «Өз-өзіңе мадақ»

2. «Жүйрік ой»

3.  «Көңіл күй» жаттығуы

4.  «Нақты қошемет»

5.«Жетістікке жетелейтін күш» тренинг-жаттығу

6.«Өзіңе сен-бәріде мүмкін»

 тренинг-жаттығу

түзету-дамыту

Дарынды оқушылар

ақпан

сәуір

тренинг элементтері бар жаттығулар

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

6

Оқушылардың кәсіби бағдарын қолдау

1.«Мамандық өмір таңдауы»

тренинг-жаттығу

3. «Менің арманым»

тренинг-жаттығу

Түзету-дамыту

9-11 -сынып

сәуір

мамыр

тренинг элементтері бар жаттығулар

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

7

Оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алу

1.«Менің эмоцияларым»

2. «Жоқ, деп айтуға үйренейік»

түзету-дамыту

5-7 сынып

қараша

қаңтар

тренинг элементтері бар жаттығулар

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

8

Суицидтің алдын алу жұмыстары

1. «Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»

2. «Мен өзімді мақтай аламын»

3. «Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»

4. «Сен өмір ғажайыпсың»

«Мен бақыттымын!»

түзету-дамыту

7-11 сынып

сәуір

тренинг элементтері бар жаттығулар

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

9

ЕББҚ балалармен түзету-дамыту сабақтары

ЕББҚ ететін  балалардың жеке мүмкіндіктерін дамыту

ЕББҚ балалар

жыл бойы

Жеке сабақ,

аптасына 2 рет (45 минуттан)

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу, хаттама

III   Алдын алу-ағарту жұмыстары

1

1-сынып оқушыларының  бейімделуі кезінде педагогтарды  қолдау,ағарту жұмысын жүргізу

Бірінші сынып оқушыларының сәтті бейімделуіне жағдай жасау»

психологиялық-педагогикалық ағарту  жұмысы

1- сынып педагогтері

қыркүйек

Кеңес, әңгімелесу

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу

2

1-сынып оқушыларының бейімделуі кезінде ата-аналарды қолдау,ағарту жұмысын жүргізу

«Баланы мектепке оқуға бейімдеу»

психологиялық-педагогикалық ағарту  жұмысы

1- сынып ата-аналары

09

семинар

педагог-психолог

ДТЖО

топтық журналға тіркеу

3

5- сыныпқа бейімделу кезінде  педагогтарды  қолдау,ағарту жұмысын жүргізу

«Орта буынға өту кезінде 5- сынып оқушыларының сәтті бейімделуіне жағдай жасау»

психологиялық-педагогикалық ағарту  жұмысы

5- сынып педагогтері

қазан

семинар

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу

4

психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстары

1.   «Балаға психологиялық қолдау көрсету тәсілдері»

2.   «Буллингсіз мектеп»

3.   «Жақсы сөз – жарым ырыс»

4.   «Буллингті ерте анықтау жолдары»

5.   .Тәуекел тобындағы балаларды қолдау»

6.   .«Толеранттылық апталығы»

(қабырға газеті, акция).

7.   .«Жасөспірім мінез-құлқындағы өзгерістер»

8.   «Оқушының күйзеліс белгілерін тану».

психологиялық-педагогикалық ағарту  жұмысы

2-11 сынып ата-аналары,

сынып жетекшілер

ата-аналар (ата-аналар жиналысы)

5-11 сынып

педагогтар

1-11 сынып педагогтар

8-11 сынып

8-11 сынып

педагогтар

7-11 сынып

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

ақпан

наурыз

наурыз

сәуір

ПҚТ

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу

5

Сенім пошта, телефонының жұмысы

психологиялық-педагогикалық ағарту  жұмысы

Оқушылар

Ата-аналар

Педагогтер

жыл бойы

Тіркеу журналы

ПҚТ

педагог-психолог

тіркеу журналы

6

9, 11 сынып оқушыларында ҰБТ-ға және мемлекеттік емтихандарға дайындық кезінде эмоционалды шамадан тыс жүктеменің алдын алу

1.«Емтиханға психологиялық

дайындық»

2.«ҰБТ-ға психологиялық дайындық»

Психологиялық-педагогикалық ағарту  жұмысы

9, 11 сынып оқушылары

мамыр

педагог-психолог

9-11 сынып жетекшілері

психологиялық қызметтің топтық және жеке жұмысын есепке алу журналына жазу

IV-Кеңес беру

1

Бірінші сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері мен психологиялық өзгерістері  туралы

кеңес беру

«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері»

кеңес беру бағыты

1 -сынып ата-аналары

қыркүйек

Кеңес беру

педагог-психолог

кеңес беру журналына тіркеу

2

5 -сынып оқушыларының ата -аналарына арналған психологиялық кеңес

«Сіздің балаңыз 5 -сынып оқушысы»

кеңес беру бағыты

5- сынып ата-аналары

қыркүйек

Кеңес беру

педагог-психолог

кеңес беру журналына тіркеу

3

Диагностиканың қорытындысы бойынша суицидтік бейімі мен мазасыздық деңгейі бар оқушылармен жеке кеңес беру жұмысын жүргізу

Диагностиканың қорытындысы бойынша суицидтік бейімі мен мазасыздық деңгейі бар оқушылармен жеке кеңес беру жұмысын жүргізу

кеңес беру бағыты

5-11 сынып

жыл бойы

Кеңес беру

педагог-психолог

кеңес беру журналына тіркеу

4

Сұраныс бойынша психологиялық кеңес.

Депрессия,стресс,

агрессияға ұшыраудың алдын алу

кеңес беру бағыты

Оқушылар

Ата-аналар

Мұғалімдер

жыл бойы

Сұраныс бойынша психологиялық кеңес.

педагог-психолог

кеңес беру журналына тіркеу

5

Ата-аналарғакеңес.

«Үйде буллингтің алдын алу тәсілдері»

Консультация беру бағыты

ата-аналар

қаңтар

Кеңес беру

Мектеп психологы

кеңес беру журналына тіркеу

6

Ата -аналарға арналған кеңес:

«Балаңызды болашақ емтихандарға

 қалай дайындауға болады»

кеңес беру бағыты

9,11 сынып ата-аналары

наурыз

Кеңес беру

педагог-психолог

кеңес беру журналына тіркеу

7

Мектеп бітірушілерге емтихан тапсыруға дайындық бойынша ақыл –кеңес

ҰБТ -ға дайындық бойынша психологиялық кеңес

кеңес беру бағыты

9 -11 сынып білім алушылары

мамыр 

Кеңес беру

Педагог-психолог

кеңес беру журналына тіркеу

                                                                V. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс

1

Ата-анасының (заңды өкілдерінің) білім алушыға білім беру ұйымында психологиялық қолдау көрсетуге келісімін алу

ұйымдастырушылық бағыт

1-11 сынып ата-аналары

қыркүйек

Келісім парағы

педагог-психолог

ата-аналармен келісім  шарт

2

Мектеп оқушыларының психологиялық картотекасын жүргізу     

ұйымдастырушылық бағыт

1–11 сынып

қыркүйек

Білім алушылар туралы мәлімет жинақтау

педагог-психолог

Сынып жетекші.

педагогикалық-психологиялық картасы

3

Психологтарға арналған семинарларға, конференцияларға қатысу

ұйымдастырушылық бағыт

Педагог-психолог

жыл бойы

Өз дағдыларын, білімін, дағдыларын кеңейту

педагог-психолог

бағдарлама

презентация

4

«Психологтың кеңестері» айдары бойынша  психологтардың әлеуметтік желіге жаднама, кеңестер жариялауы

ұйымдастырушылық бағыт

Ата-ана

Педагог

Оқушылар

жыл бойы

Әлеуметтік желіге жариялау

педагог-психолог

әлеуметтік желіге жариялау

5

Сенім жәшігі,сенім  телефонының жұмысы

ұйымдастырушылық бағыт

Оқушылар

Ата-аналар

Педагогтер

жыл бойы

Тіркеу журналы

ПҚТ

педагог-психолог

тіркеу журналы

6

Психологиялық қызметтің жұмысы туралы жылдық есеп жасау

ұйымдастырушылық бағыт

Әдістемелік бөлім

қаңтар  мамыр

Сараптамалық талдау

педагог-психолог

әдістемелік бөлім ұсынған нысан бойынша жылдық талдамалық және статистикалық есеп.

 

Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша мектеп педагог-психологының жылдық жұмыс жоспарының құрылымы.  2025-2026 оқу жылы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Мақсаты: Оқушылар арасында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру, буллингтің алдын алу, құрдастар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.

р/с

Іс- шаралар

Жұмыстың бағыттары

Нысаналы топ

Орындалу нысаны

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы туралы белгі

1

Оқушылар арасында буллинг сауалнамасы (электронды платформа).

1.     Л.Г.Федоренко (31356)

2.     Д.Олвеус (98035)

3.     Буллинг пен зорлық зомбылық жасөспірімнің өмірінде (57929)

диагностикалық бағыт

3-5 сынып

6-8  сынып

9-11 сынып

сауалнама

қыркүйек

педагог-психолог

анықтама

2

 «Балаға психологиялық қолдау көрсету тәсілдері».

Профилактикалық және психологиялық ағарту бағыты

Ата-аналарға, сынып жетекшілері

әдістемелік ұсыныстар

қыркүйек

педагог-психолог

топтық журналға тіркеу

3

«Достық пен құрмет» тренингі

Түзету-дамыту

1-4 сынып

психологиялық жаттығу

қазан

педагог-психолог

Топтық журналға 4тіркеу, хаттама

4

«Мен және менің сыныбым» топтық жұмыс

Түзету-дамыту

5-7 сынып

топтық жұмыс

қазан

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

5

«Буллингсіз мектеп»

Профилактикалық және психологиялық ағарту бағыты

ата-аналар

жиналыс

қазан

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

6

«Қарым-қатынастағы әдеп»

Түзету-дамыту

8-9 сынып

психологиялық  жаттығулар

қараша

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

7

«Мектептегі психологиялық климат»

диагностика

педагогтер мен оқушылар

сауалнама

қараша

педагог-психолог

Анықтама

8

«Жақсы сөз – жарым ырыс» акциясы (мектепішілік челлендж).

Профилактикалық және психологиялық ағарту бағыты

оқушылар

акция

қараша

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

9

Оқушылар арасында агрессия, мазасыздық деңгейін анықтау.

Агрессия  А.Басс А,Дарки

диагностика

цифрлық база

4-11 сынып

сауалнама

желтоқсан

педагог-психолог

Анықтама

10

«Бірге ойнаймыз, бірге күлеміз» ойын-тренинг (бастауыш сынып).

Түзету-дамыту

бастауыш

ойын, тренинг

желтоқсан

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

11

«Буллингті ерте анықтау жолдары».

Профилактикалық және психологиялық ағарту бағыты

педагогтер

семинар

желтоқсан

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

12

Демалыстан кейінгі бейімделуді зерттеу. Н.Г.Лусканова әдістемесі

«Мектептегі мотивация деңгейін бағалау» әдістемесі.

диагностика

5-сынып

сауалнама

қаңтар

педагог-психолог

Анықтама

13

«Жанжалсыз қарым-қатынас» тренингі

Түзету-дамыту

(10–11 сынып).

психологиялық жаттығулар

қаңтар

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

14

«Үйде буллингтің алдын алу тәсілдері»

Консультация беру бағыты

ата-аналар

кеңес беру

қаңтар

педагог-психолог

Кеңес беру журналына тіркеу

15

 «Мен – сенің досыңмын» ұжымдық тренинг

Түзету-дамыту

5-6 сынып

тренинг

ақпан

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

16

Оқушылардың бір-біріне деген көзқарасын зерттеу (социометрия).

диагностика

5-6 сынып

социометрия

ақпан

педагог-психолог

Анықтама

17

«Тәуекел тобындағы балаларды қолдау» педагогикалық консилиум

Профилактикалық және психологиялық ағарту бағыты

педагогтер

педагогикалық консилиум

ақпан

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

18

«Эмпатия және қолдау» психотренингі

Түзету-дамыту

7-8 сынып

психологиялық жаттығулар

наурыз

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

19

«Жасөспірім мінез-құлқындағы өзгерістер» 

Профилактикалық және психологиялық ағарту бағыты

ата-аналар

семинар

наурыз

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

20

«Интернеттегі қауіпсіздік» тренинг

Түзету-дамыту

5-11

психологиялық жаттығулар

сәуір

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

21

Тәуекел тобы оқушыларымен жеке түзету сабақтары.

Түзету-дамыту

оқушылармен

психологиялық жаттығулар

сәуір

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

22

«Оқушының күйзеліс белгілерін тану».

Профилактикалық және психологиялық ағарту бағыты

Педагогтар

психологиялық ағарту

сәуір

педагог-психолог

Топтық журналға тіркеу, хаттама

23

Мектептегі қауіпсіздік деңгейін анықтауда жылдық қорытынды сауалнама.

диагностика

оқушылар

сауалнама

мамыр

педагог-психолог

Анықтама

24

Нәтижелерді талдау, әкімшілікке ұсыныстар беру.

Ұйымдастырушылық бағыт

Нәтижелерді талдау, әкімшілікке ұсыныстар беру.

мамыр

педагог-психолог

Анықтама

25

Жылдық есепті әзірлеу; келесі оқу жылына дайындық.

Ұйымдастырушылық бағыт

Жылдық есепті әзірлеу;

мамыр

Мектеп психологы

Анықтама

 

Суицидальды мінез-құлықтың алдын-алуға бағытталған  іс-шаралар жоспары

БАЛАЛАР СУИЦИДІН АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА, ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Оқушылар

Ағарту ісі мен алдын алу шаралары

1

Қиын өмірлік жағдайларда қалған жасөспірімдерді және олардың отбасыларын анықтау, оларды оңалту іс-шараларына қатыстыру.

Жыл бойына

2

Әлеуметтік жағымсыз отбасылар туралы мәліметтер базасын құрастыру.

Қыркүйек

3

Әлеуметтік тәуекел тобына жататын отбасылармен жеке алдын алу шараларын өткізу.

Жыл бойына

4

Әлеуметтік жағымсыз және тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалармен сыныптан тыс уақытында сауықтыру мен демалдыру шараларын ұйымдастыру (мектеп жанындағы сауықтыру мен дамалыс лагері).

Демалыс уақытында

5

Педагогтардың кәсіби құлдырауын зерттеу бойынша жұмысты ұйымдастыру

Жыл бойына

6

1. Үрейлікті қалай женуге болады (6 сынып)

Қазан

7

2. Ана-аналармен қақтығыстарды шешу тәсілдері  (7 сынып).

Қараша

8

Адам өміріндегі стресс. Стресспен күресу тәсілдері (8 сынып)

Желтоқсан

9

«Меннің»  қырлары» (9 сынып)

Ақпан

10

5-11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты «Өмірдің мәні» бейнефильм көрсету

Ақпан

11

Мен + ол + олар = біз (10 сынып)

наурыз

12

Эмоциялық күйлерін басқару тәсілдері (11сынып)

сәуір

13

«Жоқ!» деп айта білу» (8 сынып)

мамыр

1

Құқықтық сынып сағаттары:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі туралы не білуі тиіс (6-8 сыныптар)

Қыркүйек

2

Өз құқықтарынды білесің бе? (5-9 сыныптар)

қазан

3

Емтихан алдында оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

желтоқсан

4

5-сынып оқушыларына арналған тренингтік ойын («Қабылданбаған» оқушыларды кіріктіру)

қаңтар

5

«Өмірдің мәні неде?» тренинг (10 сынып)

ақпан

1 6

«Мен және менің таңдауым» әлеуметтік дағдыларды  және салауатты өмір салтын сақтаудағы дағдыларды қалыптастыру бойынша топтық тренинг жүргізу (5-9 сыныптар)

наурыз

7

Бейімделмеген оқушылармен психотүзету жұмыстарын ұйымдастыру

сәуір

8

«Өмірдегі жетістік» жасөспірімдердің диспуты

сәуір

9

«Өзінді-өзің таны және өзіңе-өзің сен!» жасөспірімдерге арналған топтық жұмыс

мамыр

10

«Суицид мәселесі және оның зардаптары» оқушыларға арналған тренинг.

мамыр

11

Суицидке бейім жасөспірімдерге кеңес беру

Жыл бойы

Педагогтар

1

«Жетістік жағдайын құрудың педагогикалық тәсілдері» іскерлік ойын

қазан

2

«Суицид дегеніміз не және онымен қалай күресу керек?»

қараша

33

Сынып жетекшілеріне арналған семинар «Қазіргі жасөспірімдердің невротикалық бұзушылықтарының формалары мен олардың кейбір себептері»

желтоқсан

4

«Оқушылардың жас ерекшелік психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерінің типологиясы»

қараша

5

5

Сынып жетекшілердің семинары.  «Сыныптағы психологиялық ахуал»

ақпан

6

«Педагогикалық қақтығыстарды шешудің әдістері» семинар-практикум

Жоспар бой-ша

7

7

«Психологиялық көмек көрсету – суицидалдық мінезқұлықтың алдын алу факторы ретінде» (Мұғалімдерге арналған тренинг) «Өмір сүре білу - әрбір адам үшін үлкен сынақ»

Жоспар бойынша

8

Педагогтар мен оқушыларға арналған семинар-пікірталасың бағдарламасы

Жоспар бой-ша

Ата-аналар

11

Ата-аналарға арналған лекциялар:

Ата-аналарға арналған кеңестер

Ата-аналарға арналған педагогикалық орталық жоспарымен

Жоспар бойынша және сұраныс бойынша

ата-аналар жиналысы

Диагностика (оқушылар)

1

Әлеуметтік статусты зерттеу

Жыл сайын

2

Бейімделу деңгейін зерттеу

Жоспар бой-ша

3

Үрейлік деңгейін зерттеу

Жоспар бой-ша

4

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу шкаласы (ӘПБ)  9 сынып

Жоспар бой-ша

5

Басса-Дарки сауалнамасы (айбат шегу, кінәлі сезіну)

Сұраныс бой-ша

6

Қақтығыс жағдайында жауап беру тәсілдерін бағалау

Сұраныс бой-ша

7

Девиантты мінез-құлқына бейімділік

Қауіп-қатер т.

Ата-аналар

1

Ата-аналарға арналған сұрақ-жауап – ата-аналармен жасөспірімнің өзарақатынасындағы аутқуларды диагностикалау

Сұраныс бой-ша

2

Ата-аналар қатынасының сұрақ-жауабы

Сұраныс бой-ша

Түзету

1

«Сен және мен – біздің айырмашылықтарымыз». 5-6 сыныптарға арналған

қазан

2

«Түсінбеушіліктің кедергілері». 8-сыныпқа аранлаған сабақ.

қараша

33

«Өз-өзіңе арнап сыйлықтың суретін салу» өзін-өзі бағалауын көтеру сабағы.

7- сынып.

желтоқсан

4

Өзіне сенімділік тренингі «Мен өз өмірімнің құрылысшысымын» жасөспірімдерге арналған сабақтар

ақпан

наурыз

Ү Бөлім. Емтиханға  дайындық кезінде 11-сынып оқушыларын «Жас түлек» бағдарламасының  психологиялық сүйемелдеу жұмыс жоспары.

МЕКТЕП  БІТІРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ЖАС ТҮЛЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Р/с

Тақырыптар мазмұны

мерзімі

І. Танысу ойындары

1

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Танысу жаттығуы», « «Есіміңді бейнеле»

қыркүйек

ІІ Оқушылардағы үрей мен алаңдатушылықты түзету

1

«Ассоциация» жаттығуы, аяқталмаған ұсыныстар әдісі, ойын-әңгімелер.

«Емтихан кезінде мен неден қорқамын немесе менің түсіме қорқынышты не ендеі?»

«Ең жаман және ең жақсы»

«Мен неге қол жеткізгім келеді?»

қазан

2

«Ең қиын» жаттығуы

Сауалнама «Емтиханға дайындалу, стреске қарсы тұру»

«Аутортренинг формуласы» жаттығуы

«Кім болғым келеді?» жаттығуы

желтоқсан

3

«Емтихан кезінде стрестен қалай арылуға болады?»

«Үрейлі және сабырлы қалып» жаттығуы

«Бұлшық ет релаксациясы»

«Тыныс алу релаксациясы» жаттығулары

ақпан

4

«Белгілі бір затқа зейінді шоғырландыру»

«Төрт апат» ойыны

«Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі»

«Суретті жалғастыр және қасыңда отырғанға бер»

«Аааааа» жаттығуы

«Сілкіну» ойыны

« Хаааааа» жаттығуы

«Келесі кездескенше» жаттығуы

сәуір

ІІІ. Өз-өзіне сенімділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды дамыту

1

«Емтиханға сеніммен барайық» тренинг сабақ

«Мен күнмін», «Мені не үшін сыйлау керек?» жаттығулары

«Сенім- менің серігім» тренингтік сабақ

«Шапалақты ұруды жалғастыру» ойыны

қараша

2

«Менің ресурстарым» жаттығуы

«Еске түсіру» жаттығуы

«Сенімділік образы» жаттығуы

«Шеңберді бұзып кір» жаттығуы

«Өзіндік бағалау маршы» жатығулары

қаңтар

3

«Дәл бүгін», «Менің әлсіздіктерім», «Микроскоп астында», «Өзіме жауаптылық аламын», «Мен- жігерлі, қайраттымын» , «Өзің хат» ойындары

сәуір

ІV. Өзара жағымды қарым-қатынас орнату.

1

«Көңіл күйімізді жаттықтыру», «Ауызша волебол», «Кім жоғын тауып алады», «Өрмекші тор», «Саудаласу», «Хайуанаттар бағы» жаттығулары

қарашы

2

«Менің тренингтік есімім», « Мен қандай адаммын?», «Менің мақсатым», «Менің өмірдегі қиыншылықтарым», «Есте қалған қызықты оқиға», «Ұқсастық шегі», «Мен саған сенемін», «Агшық айтсам» жаттығулары

наурыз

3

«Жұбын табу», «Армандар», « Әңгімелесу емес, бейнелеу», «Алақан сипау», «Ең әдемі күлкі» жаттығулары

мамыр

ҮІ Бөлім. Тәрбиеге қиындық келтіретін оқушыларды психологиялық сүйемелдеу  жұмыстарының жоспары

ТӘРБИЕСІ ҚИЫН ОҚУШЫЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Іс шаралар

Мерзімі

1

Ақпарат жинау:  ата-аналардың жұмыс орынын анақтау, отбасындағы тәрбие жағдайын анақтау,тәрбие типін анықтау,ата-анамен сауалнама,әңгіме өткізу

Қыркүйек

2

Жиналған мәліметтің сараптамасын жасау

Қыркүйек

3

Балалар тәрбиесі жөнінде ата-аналармен психолого –педогогикалық кеңес қызыметінің жоспары

Жыл бойы ата-аналар сұрауымен және психологтың жоспары бойынша

4

Мектепішілік есепте тұрған балалардың ата-аналарымен жұмыс ; отбасында балалардың оқу мен тәрбиесіне жауапкершілікті көтеру жұмысы (пән мұғалімдерінің жеке ата-аналермен кездесуі,сынып жетекшілерінің ата-аналармене жиі байланыста болуы)

Жыл бойы

5

Сынып жетекшілер мен ата-аналар әңгімелерінің психолого –педогогикалық диогностиканың қортындысы 

Қазан

6

Отбасылық тәрбие жағдайын аралау мақсатында үйлерді аралау

Жыл бойы

7

«Қиын балаларды»мектепішілік үйірме  спорттық секцияларға қызықтыру

Қазан

8

Ата –аналармен әңгіме: Жасөспірімдердің темекі шегуі, ішімдік,нашақорлықтың алдын алу    

Жылына 4 рет мектепішілік

ата-аналар жиналысында

9

«Қауіп қатер »тобындағы оқушылардың ата-аналарымен ИДН инспекторымен кездесуін ұйымдастыру

Жылына 4 рет (қосымша кесте бойынша)

ҮІІ Бөлім. Дарынды оқушыларды психологиялық сүйемелдеу жұмыстарының жоспары

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ  БЕС СИПАТТАМАСЫ:

  1. Дарынды және талантты балалардың қалай оқитынының сипаттамасы
  • Ақпаратты шұғыл өңдейді
  • Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады
  • Кең ауқымды білімді пайдалана алады…т.б.
  1. Креативті ойлаудың сипаттамасы
  • Ерекше нәрселерді іздейді
  • Басқа біреуден ерекше болуға қорықпайды
  • Әзілшіл
  1. Ынталандыру сипаттамасы
  • Табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады
  • Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады
  1. Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы
  • Құрбы-құрдастар құрметтейді
  • Басқалармен жылдам тіл табысады
  1. Табандылық сипаттамасы
  • Өктем пікірлерге кекесінмен қарайды

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:

Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын  мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
 
МІНДЕТІ:

  • Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.
  • Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.
  • Оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру;
  • Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;
  • Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі  мен  ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.
  • Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ

  • Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;
  • Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;
  • Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;
  • Сөз бояуын құбылта алады.
  • Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.
  • Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;
  • Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады.
  • Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.

 ДАРЫНДЫ  БАЛАМЕН  ЖҰМЫС  ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
  • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
  • дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
  • сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу
  • оқушы дарындылығының моделін білу;
  • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
  • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
  • дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

ДАРЫНДЫ  ОҚУШЫЛАРМЕН  ЖҰМЫС  ЖҮЙЕСІНҢ  МОДУЛЬДІК  ЖОСПАРЫ

Бөлімі

Модуль  мазмұны

Уақыты

 

Дарындылық түрлерін айқындаудың әдіс-тәсілдерімен  жан-жақты  танысып, мәлімет  жинақтау

қыркүйек

Практикалық  

бөлім

І қадам

Оқушы дарындылығын зерттеугеарналған жұмыс  түрлері
–    Дарындылық белгілерінің  негізінде өз бетімен жағдаяттарды  шеше  алуы,
–    тілдік қолданыстарға деген қызығушылығын арттыру;
–    өз  бетінше  іздену жұмыстарын іске асыруы,
–    алдына мақсат қою, жету жолдарын қарастырады;
–    өзіне-өзі бақылау жасауы,
–    зерттеушілік  қабілеттерін  қалыптастыру;

қазан

ІІ  қадам

Сабақ барысында жүргізілетін  жұмыс түрлері
–     оқушының  оқу  мүмкіндігінің  деңгейін    анықтайтын  әдіс-тәсілдер: «Торренс әдістемесі» бастауыш сыныптар
– интеллектуалдық   ерекшеліктерін  дамыту
–  сабақтарда  дарындылық   деңгейін  жан-жақты аша  түсетін   әдістер  қолдануын бақылау.
–           сын тұрғысынан ойлау  қабілетін  арттыратын  тапсырмалар  беру;
–          Пәнге  деген  қызығушылығын  арттыра  отырып, тілге деген сүйіспеншілігін  арттыру;

–          оқушы   портфолиосына шолу жүргізу

Үнемі

ІІІ қадам

Сыныптан тыс кезеңдерде  жүргізілетін жұмыс түрлері
–          түрлі сайыстар мен  пәндік  олимпиадалар
–          интернет арқылы қашықтан жүргізілетін жұмыс түрлері
–          оқушыны жан-жақты дамыту  жұмыстары
–          басқа мәдени шаралармен және қаланың, аудан мен облыстың, республика мен халықаралық деңгейде өткізілетін сайыстар мен шараларға қатысу кезінде оқушыларға психологиялық қолдау

Ұйымдастырылған

 уақытта

Қорытынды  бөлім

 Дарынды  оқушылармен  жүргізілген  жұмыс  жүйесінің  нәтижесі

Мамыр

Мектеп психологы

© 2025. Все права защищены.