«16 күндік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шара» аясында өткен ата-аналар жиналысында маңызды тақырыптар қозғалды.
Біздің басты мақсат — ұрпақтың сана-сезімін, тәрбиесін, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және саналы ата-ана мәдениетін нығайту.
Жиналыс барысында ата-аналар арасында ой алмастырып, қоғамдағы тәрбиенің рөлі мен жауапкершілігі кеңінен талқыланды.
Филиал басшысы Перизат Құрмәніліқызы «Сенімен болашақ» концептуалды бағытын түсіндіріп, отбасы тәрбиесіндегі басты құндылықтарға тоқталды.
Сонымен қатар Хызыр Жанарыс мырза тәрбие туралы терең мағыналы дәріс жүргізіп, ата-аналарға бағыт-бағдар берді.
Ал жанашыр ағамыз Марат мырза өз өмірлік тәжірибесімен, азаматтық миссиясымен бөлісіп, ата-аналарды рухани қолдауға шақырды.
Бұл жиын — болашақ ұрпақтың қауіпсіз, саналы, мәдениетті болып өсуіне бірге үлес қосу жолындағы маңызды қадам болды.
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
|
|
|---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области





