«Сапалы білім – болашақ кепілі» ақпарттық науқаны
Сынып жетекші – оқушы мен мектеп, ата-ана мен мұғалім арасындағы алтын көпір. Ол тек білім беруші емес, әр баланың жан дүниесін түсінетін тәлімгер, бағыт-бағдар беретін тәрбиеші .Сынып жетекші болу – үлкен жауапкершілік.
Себебі сен тек пән үйретіп қана қоймай, баланың тұлға болып қалыптасуына әсер етесің.
Әр күні оқушыларды қарсы алу, сыртқы келбетін, көңіл күйін бақылау. Сыныптағы тәртіп пен тазалықты тексеру. Дүйсенбі күндері қауіпсіздік сабақтары мен сынып сағаттарын өткізіп, күн тәртібімен таныстыру, тәртіп, қауіпсіздік, әдеп туралы қысқаша әңгімелеу, мотивациялық сөз айту,
Сабақ барысында: оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, пән мұғалімдерімен байланыс
үлгерімі төмен оқушыларға назар аудару, сонымен бірге үзіліс пен асханадағы тәртіпті қадағалау, оқушылармен жеке әңгіме жүргізіп, Сыныптан тыс уақытта балалар мен жасөспірімдердің құқықбұзушылығының алдын алуда үйірме, қосымша сабақ, тәрбие бағыты бойынша жоспарланған іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру.
Ата-аналармен байланыс орнатуда телефон арқылы сөйлесу, мессенджерде ақпарат беру,
оқушы жетістіктері мен мәселелерін талқылау жұмыстары жүйелі жүргізілетін процесс.
Оқушылардың тәрбиесі, қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйіне жауапкершілікпен қарап, әр баланың тұлғалық дамуына бағытталған жұмыс жүргіземіз.
Әр оқушының қуанышы мен қиындығын бөлісе білу – сынып жетекшінің басты міндеті. Нағыз сынып жетекші – әр баланың жүрегіне жол таба білетін, өмірге сенім ұялататын ұстаз.
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
|
|
|---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области





