Мен Азат Қадырбайұлы Міржақып Дулатұлы атындағы мектептің қамқоршылық кеңес төрағасы.
Қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымының дамуына қолдау көрсету, мектеп пен ата-аналар, қоғам арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету, білім алушылардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында жұмыс жасайды.
Кеңесі жұмысына
1. Мектептің дамуына қолдау көрсету
• Мектептің даму жоспарын талқылауға және іске асыруға қатысу;
• Материалдық-техникалық базаны нығайтуға ықпал ету;
• Білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізу.
2. Қаржылық ашықтық пен бақылау
• Бюджеттен тыс қаржының мақсатты әрі ашық жұмсалуына қоғамдық бақылау жасау;
• Демеушілік және қайырымдылық қаражаттың тиімді пайдаланыла отырып білім алушылардың экскурсия, лагерьлерге баруын ұйымдастыру
• Мектептің қаржылық есептерімен танысу.
3. Білім алушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау
• Балалардың қауіпсіз білім алуына жағдай жасалуын бақылау;
• Балалардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу негізінде «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамымен бірлескен жұмыстар жүргізу;
4. Ата-аналармен және қоғаммен байланыс
• Ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Даналық мектебі» жұмысын ұйымдастыруға, «Аталар», «Әжелер», «Әкелер» «Аналар» мектебінің ықпалын арттыруға;
• Қоғамдық ұйымдармен, демеушілермен байланыс орнатуға жәрдемдесу;
• Мектеп өміріне ата-аналардың белсенді қатысуын ұйымдастыру
5. Әлеуметтік қолдау көрсету
• Аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасылардан шыққан білім алушыларға қолдау көрсетуге ықпал ету;
• Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға қатысу;
• Әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар беру.
6. Қоғамдық пікірді ескеру
• Ата-аналар мен жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін жинақтау;
• Мектеп қызметіне қатысты мәселелер бойынша ұсынымдар беру;
• Мектеп әкімшілігіне кері байланыс орнату.
Қамқоршылық кеңес – мектептің ашықтығы мен дамуын қамтамасыз ететін маңызды қоғамдық орган. Ол білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға белсенді үлес қосады.
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
|
|
|---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области





