«Железин жалпы орта білім беретін №2 мектебі» КММ базасында
жас педагогтер арасында аудандық «Саналы ұстаз – сандық заман» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты –
жас ұстаздардың кәсіби өсуін қолдау,
білім беру үдерісінде цифрлық және инновациялық құзыреттілікті дамыту,
озық педагогикалық тәжірибені тарату және
жасанды интеллект пен заманауи технологияларды саналы әрі жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыру.
Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
География және тарих пәні мұғалімі Айдос Темірболатович — ІІ орын иегері атанды.
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Назерке Абдуллаевна — «Саналы ұстаз» номинациясымен марапатталды.
Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
|
|
|---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области





