Железин ауданы М.Дулатұлы атындағы ЖББОМ-де “Мектебім-мейрім мекенім” атты білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру мақсатында өткізілген шараға Железин ауданы ББ әдіскері Н.Б.Битенова және Железин аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Н.К.Жумажанов, Қамқоршылық кеңес төрағасы А.Қ.Сергазина және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
2025-2026 оқу жылында 1 сынып табалдырығын 20 оқушы аттаса, мектепалды даярлық сыныбына 30 бүлдіршін қабылданды.
Жиынның ашылуына мектеп басшысы м.а. Р.С.Жолдыбаев сөз сөйлеп, 1-сынып оқушыларының ата-аналары мен педагогтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа белестер мен жетістіктер тіледі.
Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан- Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымында тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Ал үшінші отырысында «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» бастамасын бастап, «Әділетті Қазақстан-Адал азамат-Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғымымен болашақ жастарды «Адал азамат» идеясымен тәрбиелеуді үнедестіргені және осыған орай 2025-2026 оқу жылында барлық білім мекемелері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасымен жүзеге асыратынын мәлімделді
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
|
|
|---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области




