ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің

«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области

Железин , ул.Ауэзова, ст-е 8
8 (71831)
zhelezin_sh3@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің

«Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 3 им. М. Дулатұлы» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

Железин ауданының М. Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің базасында жаратылыстану-математика бағытындағы «ІІІ – Міржақып олимпиадасы» өтті. Тағылымы терең бұл зияткерлік сайыс ұлт ұстазы, көрнекті ағартушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналды.

Олимпиадаға Железин және Тереңкөл аудандарының мектептерінен 5–8-сынып оқушылары мен математика, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысып, білім мен біліктің нағыз бәсекесіне түсті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Міржақып Дулатұлының «Есеп құралы» оқулығындағы математикалық терминдер мен есептердің ерекшелігін ашып, тарихи ұлттық терминдердің бүгінгі оқулықтар мен сөздіктердегі заманауи баламаларымен сабақтастыра отырып, олардың қолданыс аясын кеңейту және насихаттау.

Олимпиада үш бағыт бойынша ұйымдастырылды:
«Білім – ырыстың тізгіні» – 5–6-сынып оқушыларына арналған;
«Білім – таусылмайтын кен» – 7–8-сынып оқушылары үшін;
«Білім – жанып тұрған шырақ» – математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған бағыт.

Сайыс тапсырмалары функционалдық сауаттылықты дамытуға, құндылықтарға негізделген жалпы білім беру стандартына сай құрастырылып, қатысушылардың логикалық ойлауын, өмірмен байланыстыра есеп шығару дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Айта кетерлігі, «Міржақып олимпиадасы» үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және жыл сайын қатысушылар саны артып, ауқымы кеңеюде. Бұл – олимпиаданың өзектілігі мен маңызын айқындайтын айқын дәлел.

Білім додасының қорытындысы бойынша әр бағытта үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі аудандық білім бөлімінің дипломдары мен кубоктарымен марапатталды. Сонымен қатар жоғары белсенділік танытқан мектеп ұжымына арнайы кубок табысталды.

© 2026. Все права защищены.