АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ №3
Мектеп атауы: Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру
мектебі
Сынып: 9,11
Күні: «19» наурыз 2026 ж.
Қатысқандар: 7 ата-ана
Қатыспағандар: 12 ата-ана
КҮН ТӘРТІБІ:
- Баяндама
- Мемлекеттік емтиханға дайыңдық бойынша кестемен таныстыру және ҰБТ
- 3-тоқсанның қорытындысы
- Әр түрлі сұрақтар
ТЫҢДАЛДЫ:
1-мәселе бойынша:
11 сынып жетекшісі Р.Ж. Сергазина «Ата-ана-ұстаз-мектеп ынтымақтастығы» тақырып бойынша баяндама жасады. Бүгінгі баяндама тақырыбы – ата-ана, ұстаз және мектеп арасындағы ынтымақтастық. Бұл үштік – оқушының жан-жақты дамуының негізгі тірегі болып табылады. Бала тәрбиесі тек мектептің немесе тек ата-ананың ғана міндеті емес, бұл – ортақ жауапкершілік. Ата-ананың міндеті – баланың оқуына жағдай жасау, оның тәртібін қадағалау және мектеппен тығыз байланыста болу. Ал ұстаздың міндеті – сапалы білім беру, оқушының қабілетін ашу және ата-анамен кері байланыс орнату. Мектеп осы екі тараптың өзара әрекеттесуін ұйымдастыратын негізгі орта болып табылады.
2-мәселе бойынша:
БОЖО Г.Ж. сөз сөйледі. 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияның өткізілу тәртібімен таныстырды. Оқушылардың мемлекеттік емтихандарды тапсыру ережелері, мерзімдері және талаптары туралы толық ақпарат берілді. ҰБТ-ға дайындық барысы туралы баяндады. Пробный тест нәтижелері талданып, оқушылардың білім деңгейі көрсетілді. Кейбір оқушылардың нәтижелерін жақсарту қажеттілігі атап өтілді.
3-мәселе бойынша:
Сынып жетекшісі 3-тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы мәлімет берді. Үздік және үлгерімі төмен оқушылар аталып өтті.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
- Ата-ана Ибрагимова Л.П. баласының дайындық деңгейі туралы пікір білдірді.
- Ата-ана Уалиева А.Т. қосымша сабақтардың қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.
ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:
- Оқушылардың қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстарын күшейту.
- ҰБТ-ға дайындық бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру.
- Ата-аналар тарапынан оқушылардың үйдегі дайындықтарына бақылауды арттыру.
- Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.
ҰСЫНЫС:
- Оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру мақсатында ата-аналармен тұрақты байланыс орнату;
- Үй тапсырмасын бақылауды күшейту;
- Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлу.
- ҰБТ-ға дайындық кестесін ата-аналарға таныстырып, оның орындалуын қадағалау;
- Қосымша сабақтарға қатысуды қамтамасыз ету;
- Онлайн тесттер мен байқау сынақтарына тұрақты қатысу.
- Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспарын құру;
- Пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, білім сапасын арттыру шараларын жүргізу;
- Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды мадақтау.




