Павлодар облысында «Ұлттық Style» жобасы басталды! 10 қазаннан бастап Павлодар облысының білім беру басқармасының бастамасымен өңірдің барлық мектептерінде ұлттық стильді насихаттауға бағытталған ерекше жоба жол тартпақ. Ұлттық Style - күнделікті өміріңе қазақтың ою-өрнегін, қолөнерін және этностиль элементтерін енгізудің тамаша мүмкіндігі! Қатысу шарттары: Әр жұма – ұлттық стиль күні! Мектепке ұлттық элементі бар киім киіп кел немесе этноаксессуар тағып, өз стиліңді көрсет! Қазан айының тақырыбы – «Этно-бренд» Бұл айда сен нағыз ұлттық стиль дизайнері болып, өз қолыңмен ерекше аксессуар жасап, көрсет: Тұлпар бейнесіндегі салпыншақ Бауырсақ бейнесіндегі жапсырма немесе әшекей Қазақтың ою-өрнегімен безендірілген аксессуар Өз жұмысыңды бейне немесе фото түрінде түсіріп, #этноstylepvl хештегімен әлеуметтік желіге жүкте.
Дауыс беру: Ең үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми парақшасында жарияланып, жеңімпаздар онлайн-дауыс беру (лайк саны) нәтижесі бойынша анықталады. Ең креативті қатысушылар «Стильді ұрпақ» атағына ие болып, алғыс хаттармен марапатталады! Жоба 2026 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Ұлттық нақышты заманауи трендке айналдырайық!




